Жаңа форматтағы аттестаттау рәсімінде аттестатталатын педагог іс-әрекетінің қадамдары айқындалған:
*ПББ тапсыру
*Материалдар жинау
*Өтініш беру
*Сарапшылық комиссиясының қарауы
*Шешім
Мүмкіндіктері:
*педагогтің іс-әрекетін білім алушылардың жетістіктері арқылы объективті бағалау жүйесі;
*педагогтің үздіксіз кәсіби даму факторы;
*өздігінен білім алу және мансаптық өсуді ынталандыру;
*әлеуметтік әділдік;
*академиялық адалдық. 12 наурызда директордың ОВР жөніндегі орынбасары Е. А. Чепова мектептің педагогикалық ұжымымен педагогтерді аттестаттаудың жаңа ережелері мен шарттары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.